Мемлекеттік баспанаға өтініштер қабылдау басталды

165

Шымкент қаласында мемлекеттік баспанаға өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылдың 3-7 қазаны аралығында «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша Шымкент қаласы, Төлеметов көшесінен тапсырылатын 7 қабатты 2 үйдегі 96 пәтерге өтініштер қабылданады. Өтініштердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді.

baspana

Осыған дейінгі КИК бағыты бойынша құжаттарын тапсырған, бірақ үймен қамтылмаған азаматтар өтініштер мен құжаттарын «Е-gov» порталы арқылы қайтадан тапсыруы қажет.

Өтініштер мен құжаттардың электронды түрде тапсырылуы бойынша кеңесхалыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Е-gov» пунктерінде және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде (Желтоқсан көш., №18, 203-каб.) беріледі.

«ҚИК» АҚ бағыты бойынша қатысу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұру және төмендегі санаттарға жату қажет:

—  Көп балалы отбасылар;

—  Толық емес отбасылар;

—  Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

—  Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

—  Оралмандар;

—  Мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың ,бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» арқылы берілетін пәтерлердің сипаттамасы — Шымкент қаласы, Төлеметов көшесі – 7 қабатты, 2 тұрғын үй (96 пәтер):

— 1 бөлмелі 24 пәтер, жалпы алаңы — 32 шаршы метр;

— 2 бөлмелі 48 пәтер, жалпы алаңы — 45 шаршы метр;

— 3 бөлмелі 24 пәтер, жалпы алаңы — 55 шаршы метр.

Пәтерлер 20 жылға сатып алу құқығымен жалға беріледі. Бір шаршы метрдің 1 айға жалға беру бағасы — 924 теңге.