//
ОҚО әкімі Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ жетекшілерін қабылдады Жаңалықтар 

ОҚО әкімі Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ жетекшілерін қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдызбен кездесті. Басқосуға аталған оқу орнының президенті Уәлихан Әбдібеков пен университеттің бірінші вице-президенті Мехмет Куталмыш та қатысты.

ОҚО әкімі Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ жетекшілерін қабылдады

Кездесуде тараптар бауырлас елдердің ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбітіп, бұл жұмыстарды одан әрі дамыту жайын сөз етті. Қос мемлекеттің білім, ғылым, медицина, кәсіпкерлік сынды көптеген салаларда бірлескен жобалар жасауы қажеттігіне тоқталған мәртебелі меймандарға аймақ басшысы алғысын білдіріп, қонақжай Оңтүстік өңірі туыстық қатынасқа қашанда дайын екенін жеткізді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz