//
ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады Жаңалықтар 

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтарды аралап көрді, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

Әкім ең алдымен ауданның Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Қайып-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, ет комбинатын аралады. Ет өндіріп, оны буып-түюмен айналысатын серіктестікте 30 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 320 тонна ет өңдеуге қауқарлы комбинатта тәулігіне 300 ірі қара сойылады. Қожалық басшылығы келесі жылы кәсіпорынды кеңейтіп, ет өңдейтін құрал-жабдықтар қою арқылы шұжық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

Шаруашылықтың мән-жайына қанық болған Жансейіт Түймебаев Сайрамға жақын аудандарда бордақыланған төрт түлікті аталған ет комбинатында сойып, жұмысты орталықтандыру туралы тапсырма берді. Айта кетейік, «Қайып ата» ЖШС – мал бордақылау алаңы ретінде 2011 жылы Қазығұрт ауданынан ашылған шаруашылық. Бастапқыда 1000 ірі қараны бордақылаған қожалықта бүгінгі таңда 3000-нан астам мал бар. Қысқа дейін мұндағы ірі қараның басын 5000-ға жеткізу жоспарланып отыр.

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

Мұнан соң өңір басшысы Айтеке би ауылындағы «Dala-frut.kz» компаниясының (Green Land) жеміс бауын тамашалады. 100 гектардан астам жерге үш жылдан бері алма және қара өрік ағашының көшеттері егілген. Бауда заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тамшылатып суару әдісі және шпалерлі жүйе қолданылуда.

Кәсіпорын бүгінгі таңда 1 га жер телімінде сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін жететін, заманауи технологиялы көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын бастады. Оны соғу үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының сусидиялау бағыты бойынша қолдау алып отыр. Сондай-ақ, болашақта 7 га жерге қияр мен қызанаққа арналған жылыжай салуды жоспарлап қойған.

Бұл ретте аймақ басшысы аталған қарқынды баудың жұмыс тәжірибесімен өзге де аудандардың танысуы қажеттігін алға тартып, мұндағы шетелдік көшеттерді ондағы шаруалар да егуі керек деп айтты.

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

 

Іс-сапары барысында Жансейіт Қансейітұлы жұмыс тәртібіндегі жоспардан тыс Сайрамның Қарабұлақ ауылына қарасты №81 мектепте болды. Ондағы жылу жүйесінің қаншалықты деңгейде жұмыс істеп тұрғанын бақылаған әкім электр қуатының үздіксіз беріліп жатқанына көз жеткізді.

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

Ақсукент ауылындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы да облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Шағын және орта бизнесті дамытып, аудандағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту керегіне тоқталған аймақ басшысы жүйені оңтайландыруды жүктеді. Сондай-ақ, орталықта түрлі іс-шаралар өткізуді тапсырды.

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

 

Сапар соңында әкім Сайрам ауданының активімен кездесіп, аудан басшысы Самат Сапарбаевтың 9 айда атқарған жұмыстарының барысын тыңдады. Сайрамның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылған жиында алдағы жылға межеленген жоспар жайы да мәлімделді.

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

Келтірілген мәліметтерді мұқият тыңдаған өңір басшысы бірқатар сала бойынша аудан басшылығына сын-ескертпе айтты. Әсіресе, Сайрамның тазалық мәселесіне көңілі толмаған Жансейіт Қансейітұлы облыс орталығы Шымкентке жақын орналасқан аудан ретінде Сайрам ауданын қоқыстан тазартуды жүктеді.

Сонымен бірге жер қойнауын пайдалану жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша аудан көрсеткіші төмен деңгейде екенін айтқан әкім әр мемлекеттік қызметкер өз міндетіне жауапты болуы керегін ескертті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz