//
ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады Жаңалықтар 

ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады

Облыс әкімі ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, құрылыс нысандарын аралады. Жансейіт Түймебаев алдымен қаланың активімен кездесіп, қала əкімі жəне оның орынбасарларының бүгінге дейін атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады

Алқалы кездесуде Ғабидолла Әбдірахымов өңір басшысына қалаға қарасты мемлекеттік құрылымдардың басшыларын таныстырып, Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі бес жылдық даму тұжырымдамасы жобасындағы бірқатар мәселелер мен жаңа бастамалар туралы баяндады. Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев облыстың өсіп, өркендеуі әрқашан қаламен тығыз байланыста екенін айтып, Шымкенттің əлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады

Облыс əкімі Шымкент шаһары туристік аймақ болып табылатындықтан, қаланың сырт келбетіне айрықша көңіл бөлу қажеттігіне тоқталып, көп қабатты тұрғын үйлердің хасбеті мен бей-берекет орналасқан жарнамалық бидбордтарды ретке келтіруді жүктеді.

ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады

Жиынды қорытындылаған облыс əкімі қалада білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Шымкентті болашақ үшінші мегаполиске айналдыру бойынша жүктеген міндеттерін əрмен қарай бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Қала активімен танысқан соң Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысанды аралап көрді. Өңір басшысы алдымен Тəуке хан даңғылын күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты.

ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын көпірдің бір жағы пайдалануға берілген болатын. 1 млрд 142 млн теңгеге бағаланған теміржол өткелінің екінші бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Облыс әкімі қаладағы салынып жатқан əлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, “Shymkent-City” жобасымен танысты.

ОҚО әкімі Шымкент активімен танысып, қаладағы құрылысты аралады

Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды. Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы жаңадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz