ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің бір топ соғыс, еңбек ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. ОҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында облыс басшысы аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, үлкенді сыйлау, ардагерлерге қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті және парызы екенін атап өтті.

ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті

Бейресми басқосуда облыстың әлеуметтік мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары бойынша аймақ басшысы өмірден түйгені мол ел ағаларының  пікірін тыңдады. Әзірге Оңтүстік Қазақстан облысының тыныс-тіршілігімен танысып жатқанын айтқан облыс әкімі алдағы уақытта бірлесе атқаратын міндеттердің көп екенін жеткізді. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстарда әрбір саланың еңбек ардагерлерімен жеке кездесіп, кеңескісі келетініне ниет білдірді.

ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қариялар әкімнің облысты басқарудағы жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді. Жалпы, облыста бүгінгі күнде 220 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың 300-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 21 мыңы — тыл еңбеккерлері.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР