ОҚО-да «Нөлдік төзімділік» акциясы кезінде 2700 құқық бұзушылық ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастамасымен «Нөлдік төзімділік» акциясы өтті. Оған жергілікті полиция қызметкерлерімен қатар білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, прокуратура органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Полиция рейді

Полиция рейді

Акцияға жергілікті полицияның 1300-ден астам қызметкері жұмылдырылып, 3 күндік жұмыс нәтижесінде барлығы 2703 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде тыныштықты бұзған — 53 азаматқа, қала және елдiмекендердің аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшін — 254, спирттік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орында мас күйінде жүрген — 216, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккен — 342, кәмелетке толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілінсіз бей-берекет жүруіне жол берген 164 азаматқа шара қолданылды.

Бұған қоса телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 527 жүргізуші, белгіленген жылдамдықты асырған 78 адам, қауіпсіздік белдігін тақпаған — 577, жаяу жүргіншілерге жол бермеген — 16 азамат, спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарған — 31 азамат, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен 66 жаяу жүргінші жазаланды.

Акция аясында облыста 56 дөңгелек үстел, 8 брифинг, 18 семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыпта 188 дәріс оқылып, 131 халықпен кездесу өтті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР