//
Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды Жаңалықтар 

Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды. Оны таныстыру үшін күнгейге Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков арнайы іс-сапармен келіп, облыс активін жинады. Күн тәртібіндегі ең басты мәселе – Оңтүстіктің жаңа әкімін таныстыру болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Облыс активі әкімдіктің үлкен мәжіліс залына жиналған. Барлығы өңір басшысының лауазымына кім тағайындалатынын болжап отыр. Бір сағат 20 минут тағатсыздана күткен көпшілік облыс әкімдігіне кім тағайындалғанын премьер министрдің өзінен білді. Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке Жансейіт Түймебаевты ұсынды. Оның қандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Жансейіт Түймебаев

Жансейіт Түймебаев – Оңтүстіктік тумасы. 1958 жылы Бәйдібек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Бұған дейін көптеген жауапты қызметтерді атқарды. Соның ішінде Президентінің кеңесшісі-протоколының жетекшісі, Қазақстанның білім және ғылым министрі лауазымдары да бар. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып келді.

Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Оңтүстік Қазақстанның енді бұрынғы әкімі Бейбіт Атамқұлов бұл лауазымда бір жылдан сәл астам уақыт қызмет етті. Бейбіт Бәкірұлы 2015 жылдың 8 тамызында өңір басшысы болып тағайындан еді. Бұрынғы әкім жиналғандарға бірге жұмыс жасаған уақыт үшін алғысын білдірді. Бейбіт Атамқұловтың еңбек жолы мен тәжірибесі ескеріліп, Елбасының жарлығымен жаңа министрлікті басқаратын болып шешілді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz