«Оңтүстікполиметалл» АҚ-ның бұрынғы президенті сотталды

"Оңтүстікполиметалл" АҚ-ның бұрынғы президенті сотталдыШымкентте «Оңтүстікполиметалл» АҚ-ның бұрынғы президентіне қатысты сот үкімі шықты. Абай аудандық сотының үкімімен Тұрсынбек Асамбаев өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін талан-таражға ұшыратқаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

Бұған қоса мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін коммерциялық құрылымдарды басқару құқығынан айрылды. Сонымен қатар кәсіпорынның заңгері болған Бауыржан Жақыпов та 5 жыл 6 айға абақтыға қамалады.

Тергеушілердің мәліметінше, Асамбаев пен Жақыпов алдын ала сөз байласып, бір топ тұлғамен жалған құжат жасау арқылы банкте кепілдікте тұрған АҚ-ның мүлкін кепілдіктен шығарған. Осылайша банктің берген 60 млн доллар несиесін талан-таражға салған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР