Оңтүстікте «Ұлы дала ұландары» туристік жарысы өтті

Оңтүстікте облыстық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала ұландары» ашық облыстық туристік жарысы өтті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің ресми сайты жазады.

Төле би ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан «Тау барысы» туристік лагерінде өткізілген шараға Кентау, Түркістан, Арыс, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Бәйдібек және Арыс қалалық, аудандық жас туристер станцияларынан 17 топ, Сарыағаш ауданындағы Самал, Түркістандағы Хамза мектептерінен 4 топ және Шымкент қаласы мектептерінен 18 топ, жалпы саны 252 оқушы, 73 жетекші қатысты.

Оңтүстікте «Ұлы дала ұландары» туристік жарысы өтті

Қатысушылар 5 күн бойы далалық жағдайда шатырда түнеп, асты отқа дайындады. Сонымен бірге іс-шара кезінде оқушылар бағытты көзбен анықтау, жартасқа өрмелеу, қорытынды туристік бағыт, капитандар, эмблема және әндер сайыстарына қатысты.

Оңтүстікте «Ұлы дала ұландары» туристік жарысы өтті

Осылайша қалалық, аудандық жас туристер станциясы топтары арасынан жарыстың жалпы қорытындысы бойынша І орынды Сайрам аудандық жас туристер станциясы жеңіп алса, ІІ орын Түркістан қалалық жас туристер станциясына берілді. Ал жүлделі ІІІ орынға Отырар аудандық жас туристер станциясы лайықты деп танылды.

Оңтүстікте «Ұлы дала ұландары» туристік жарысы өтті

Қала мектептерінің топтары арасынан жарыстың қорытындысы бойынша І орынға Шымкенттегі №55 мектеп ие болса, ІІ орын №27 мектепке бұйырды. Ал ІІІ орынға №28 мектеп командасы лайықты деп танылды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР