Оңтүстікте бос орындарға мәслихат депутаттары сайланды

Оңтүстік Қазақстанда облыстық және Түркістан қалалық мәслихаттарынан шығып қалған депутаттардың орнына халық қалаулыларын сайлау науқаны 30 қазан күні аяқталып, жеңімпаз депутаттардың есімі белгілі болды. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев хабарлады.
Оңтүстікте бос орындарға мәслихат депутаттары сайланды
— 30 қазан күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына Мақтаарал ауданындағы №25 облыстық сайлау округі бойынша 93,7 пайыз басымдықпен (23695 дауыс) Жамалов Бауыржан Салдарұлы жеңіп шықса, Түркістан қалалық мәслихаттығына Түркістан қаласындағы №13 қалалық сайлау округі бойынша Мустапаев Ержан Хабибуллаұлы 91,3 пайыз дауыспен (4913 дауыс) басым түсті. Қосымша айтарым, сайлауға дайындық пен оны өткізу барысында сайлаушылар мен сенімді өкілдер, жалпы сол жердегі тұрғындар тарапынан сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ. Сайлау ҚР сайлау туралы талаптарының заңына сай өткізілді, — деді Ә.Өмірәлиев.
Бұл сайлауда облыстық мәслихат депутаттығы бойынша 25 мыңнан астам сайлаушылардың арасынан 3 үміткер бақ сынаса, Түркістан қалалық мәслихатына 6,5 мыңнан астам сайлаушылардың ішінде 4 кандидат сынға түсті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР