Оңтүстікте табиғи газбен толық қамтылған жалғыз аудан — Түлкібас

Оңтүстік өңірінде елдімекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылған жалғыз аудан бар. Ол — Түлкібас өңірі. Биыл бұл ауданда өндірілген өнім көлемі 7 есеге өсіпті. Аймақтың жалпы өңірлік өнімі жан басына шаққанда 487 мың 400 теңгені құрап отыр. Барлық салаларда айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады.

Түлкібас ауданындағы

Бұл көрсеткіштерді орталық коммуникациялар қызметіне келіп, арнайы брифинг берген аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков айтып берді. Инфрақұрылымы шешілген аудандағы туризм, ауылшаруашылығы салаларында алдағы уақытта бірегей жобалар қолға алынбақ.

Тәуелсіздік жылдары түлкібастықтардың саны 27 мыңға адамға артып, бүгінде 111 мыңды құрайды. Олардың аудан орталығы мен елдімекендерде тұрақтануына әлеуетінің артуы және жергілікті жердегі қабылданған жоспарлардың кезеңімен жүзеге асуы да негіз.

Мәселен, тек бір саланы алсақ, соңғы 10 жылда 157 нысан салынған. Спорт кешендері, медициналық мекемелер, 10-ға жуық 1 бөлмелі тұрғын үй, жалға берілген 27 баспана және бес қабатты үй де осы уақыт ішінде пайдалануға берілген.

25 жыл ішінде аймақта 20 елдімекенге ауыз су жүйесі жүргізіліп, орталықтандырылған таза ауыз сумен аудан халқының 95 пайызы қамтылып отыр. Аудандық маңызы бар 110 шақырым жол жөнделіп, 10 автокөлік көпірі салынған. Төртеуі күрделі жөндеуден өтті.

Жалпы, аудан әкімдігі Түлкібас ауданының керемет табиғатын ескере отырып, туризм, оның ішінде экологиялық және балалар тузризмін дамытпақ. Бұл мақсатта Жабағылы ауылдық округінде 5 гектар жер бөлініп, балалар демалыс орынын салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуге 4 млн теңге қарастырылды. Сонымен қатар Ақсу-Жабағылы қорығында туристік қалашық салу жоспарланды. Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізі бойында қызмет көрсету орындарын салу да көзделіп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР