Оңтүстіктегі білім мекемелеріне электронды түрде тіркелуге болады

Алдағы уақытта Оңтүстіктегі білім мекемелеріне электронды түрде тіркелуге болады. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшылары хабарлады.

Оңтүстіктегі білім мекемелеріне электронды түрде тіркелуге болады

Таяуда Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда қалалық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шалар жоспары аясында атқарылған жұмыстары жөнінде Жанат Тәжиева баяндама жасады.

Өз баяндамасында қаланың бас ұстазы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім ұяларындағы түрлі тіркеулерді электрондық жүйе арқылы жүргізу керегін атап өтті. Ол үшін сәбилерді балабақшаға, ал оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау және де білім беру мекемелеріне жұмысқа орналастыру арнайы сайт арқылы жүргізіліп, талап-ережерге сай әділ түрде іріктеліп алынатын болады.

Сонымен қатар ата-аналар балаларының сабаққа қатысқан-қатыспағанын СМС-хабарлама біліп отырады. Бұл қызмет түрі мектеп, ата-ана мен оқушының арасында үзіліссіз байланыс орнатып, жасөскіндердің оқу үлгерімі, тәртібін бірлікте қадағалауға септігін тигізеді дейді Жанат Тәжиева.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР