Оңтүстікте айтыскер ақындар орталығы ашылады

464
Оңтүстікте айтыскер ақындар орталығы ашылады

Шымкенттегі «Түркістан сарайы» салтанат сарайының жанынан айтыскер ақындар орталығы ашылды. Орталықтың жұмысын бастауына орай күнгейдің республикаға танымал, бетке ұстар ақындары Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбай, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов және өзге де өнер иелері дөңгелек үстелде бас қосты.

Оңтүстікте айтыскер ақындар орталығы ашылады

Ақындық өнердің ұмыт бола бастаған түрлерін жандандырып, жас ақындарды анықтау, олардың өлеңдерін насихаттау және шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың алдағы міндеттері жайлы сөз бастаған «Түркістан» сарайының директоры Күлия Айдарбекова жас ақындардың сөз саптауын, әдебиетіміз бен тарихымызды терең зерттеп, ел алдында ашық ойын айта білетін деңгейге жеткізу қажеттігін түсіндірді.

Оңтүстікте айтыскер ақындар орталығы ашылады

Ақындар Қажымұхан Абзалов пен Біржан Байтуов аптаның әр сейсенбі күні осы орталықта кездесіп, жұмыс атқаратындарын мәлімдеді. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Түркістан» сарайында ақындар айтысы ұйымдастырылып, оған ақындар орталығында дайындық жұмыстары басталып кетті.