Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері шетелдіктер бірге бауырға ота жасады*

688
Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері шетелдіктер бірге бауырға ота жасады

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері шетелдік мамандармен бірігіп ота жасады. Осы тәжірибе арқылы олар біліктілігін арттыруда. Бұл жолы медициналық мекемеге Оңтүстік Кореядан хирургтар келіп, бауырға күрделі ота жасалды.

Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері шетелдіктер бірге бауырға ота жасады*

Бұл дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханаға алғаш келіп отыр. Оңтүстіккореялық мамандар ақылы хирургия бөлімінің жұмысымен жіті танысып, 36 жастағы азаматқа күрделі ота жасады. Екі елдің дәрігерлері бірлесіп жасаған операцияда науқастың бауырының жарамсыз бөлігі қауіпсіз жолмен алынды. Күрделі отаның арқасында бұл азамат аман қалды. Енді бауыр ауруы мазаламауы тиіс дейді дәрігерлер.

Жанболат Ділдәбеков, бөлім меңгерушісі: «Мысалы, бұрын бауырдың құртын ашып тазалайтын болса, қазір бауырды ашпай, сау жеріне тиіспей жарамсыз жерін ғана алып тастаймыз. Бұл операцияны өзіміз бастадық. Бұл кісілерге дайындап бердік. Олар негізгі операцияның қалай жасалу бағытын көрсетіп берді.»

Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері шетелдіктер бірге бауырға ота жасады

Жыл басынан бері облыстық клиникалық ауруханада бауырға қатысты 13 ота жасалған. Ең бастысы, нәтижесі қанағаттанарлық. Енді күнгейлік дәрігерлер Оңтүстік Корея мамандарынан трансплантациялық ота жасау әдісін меңгеруде. Ол үшін шетел асып, арнайы оқып келген мамандар да бар. Сол дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханасында биыл алғаш рет бүйрек алмастыру отасын ойдағыдай іске асырған.

Си Уоок Сонг, хирург, бауыр транспантологы: «Мұндағы мүмкіндікті көрдік. Операцияға да қатыстық. Ауруханадағы дәрігерлердің біліктілігі жақсы деп айта аламын. Сондай-ақ біздің мақсатымыз – трансплантациялық отаны дамытып, мамандардың технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігін арттыру. Осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Ендігі діттегеніміз – екі тараптың жұмысын одан әрі жандандыру.»

Осы іс-сапар аясында кореялық дәрігерлер медициналық мекеменің барлық мүмкіндіктерімен танысып шықты. Шетелдік мамандар айтқандай, енді облыстық клиникалық ауруханасында трансплантациялық ота жасаудың технологиясы күшейтіледі.

* – жарнама