//
№3 жылу-энерго орталығы Жаңалықтар 

Шымкентке жылу толығымен 1 қарашада беріледі

№3 жылу-энерго орталығыШымкентке жылу толық берілетін күн тағы өзгерді. Енді бұл дата 1 қараша дейді жауапты мамандар. Дәл қазіргі таңда қалада 862 үйге жылу берілді деген ақпарат бар. Ал орталықтан жылу алатын үйдің саны – 1782.

Әзірге Қаратау ауданы жылумен толық қамтылды деп саналады. Онда 222 үй бар. Еңбекші ауданындағы жағдай нашар болып тұр. Ондағы 526 үйдің 147-іне жылу қосылды. Бюджеттік мекемелерге келер болсақ, 344 ұйымның жүзінде жылу әлі жоқ.

Еске салайық, қаладағы орталық құбырларды сумен толтыру 18 қазанда басталған. Сол кезде жылу маусымы ресми түрде басталды деп жарияланып, қалаға жылу толығымен 25 қазан күні қосылады деп хабарланған. Енді бұл мерзім де кейінге шегеріліп отыр.

Осы тұста айта кетейік, шымкенттіктер жылу үшін 79 млн теңге қарыз. “Қуат жылу орталығы-3” мекемесіндегі бөлім басшысы Әбсаттар Душановтың мәлімдеуінше, өткен жылыту маусымындағы қарыз біршама азайған. Тұтынған жылу үшін төлемақыны өтеуге асықпаған абоненттердің ісі сотқа жолданыпты. 9 мыңға жуық іс бойынша сот шешімі шығарылды. Құжаттарға сәйкес, берешегі бар азаматтар қарызын өтемеген жағдайда олардың екінші деңгейлі банктердегі есеп-шоттары бұғатталып, жылжымайтын мүліктері тәркіленеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz