Шымкентте қалдық өңдейтін тағы бір зауыт салынады

Шымкентте тұрмыстық қалдықты өңдейтін тағы бір зауыт салынбақ. Оны малайзиялық инвесторлар қаржыландырады. Әзірге шетелдіктер бұл құрылысқа қанша қаржы жұмсайтындарын нақты жарияламаған.

Қоқыс зауытыДегенмен, жергілікті билікпен екі жақты келісім бар. Кәсіпорын қоқысты өртеп, соның қызуымен жылумен бірге электр энергиясын да өндіреді. Сондықтан жаңа зауыт қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «3-энергоорталықтың» жанынан салынбақ.

Жоспарға сай, өндіріс орнында тәулігіне мың тонна қоқыс жағылады. Құрылысқа қажетті жер белгіленіп, онда инфрақұрылым тарту жағы қаралып жатыр. Ал өткен жылы ғана ресми іске қосылған қоқыс өңдейтін зауыт қазір тоқтап тұр. Қала басшылығы ол кәсіпорын жуырда қайта іске қосылады дейді. Өйткені күн сайын қаладан шығарылатын қоқыс көлемі 500 тоннаға дейін жетеді.

Бұйыртса, алдағы бір-екі жылда шетелдіктер қаржыландыратын жаңа зауытты салып біту жоспарланып отыр. Сол кезде қаланың оңтүстік бөлігінен салынған екінші күл-қоқыс жинайтын полигон жабылады дейді әкімдік өкілдері.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР