//
Шымкентте бір жанұя газдың иісіне уланып, аман қалды Оқыс оқиға 

Шымкентте бір жанұя газдың иісіне уланып, аман қалды

Оңтүстікте жылу маусымы басталмай жатып газдан улану жағдайлары тіркелді. Бір отбасы түгелдей зардап шеккен. Уланған 4 адам бірден ауруханаға түсіпті. Оқыс оқиға көп қабатты үйде түнгі уақытта болған.

Шымкентте бір жанұя газдың иісіне уланып, аман қалды

Абырой болғанда, отбасы мүшелерінің бірі газдың иісін сезіп, тез арада жедел жәрдем шақырады. Мамандар науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Қазір олардың жағдайлары бір қалыпты дейді облыстық оксигенация орталығының дәрігерлері.

Айта өтейік, былтыр тұрмыстық газ ақауларының салдарынан 29 адам зардап шексе, жыл басынан бері өңірімізде 15 адам газ иісіне уланып, оның 11-і қайтыс болған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz