//
Шымкентте «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті Жаңалықтар 

Шымкентте «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жанубий Қозоғистон» газетіне 25 жыл толуына орай облыстық басылымның құрметті мерейтойында Шымкентте «Достық дастарханы» атты дәстүрлі палау фестивалі өтті.

Шымкентте «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті

Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этно-мәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өңіріміздің білікті аспаздары қатысып, палаудың 30-ға жуық түрін пісіріп, шеберліктерін көрсетті.

Шымкентте «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті

Мерекелік шараға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттің мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Шымкентте «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті

Айта кетеу керек, ассамблеяның Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысқан «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz