Шымкентте дыбысты бағдаршамдар пайда болды

355
Шымкентте дыбысты бағдаршамдар пайда болды

Шымкентте дыбысты бағдаршамдар пайда болды. Бұл  – көздері нашар көретін зағип жандарды қолдау мақсатында қолға алынған тірлік. Қала басшылығы бюджеттен бөлінген 6 млн теңгеден астам қаржыға кәдімгі бағдаршамдар орнатылған 20 қиылыста осындай дыбысты бағыттағыштарды іске қосып отыр.

Шымкентте дыбысты бағдаршамдар пайда болды

Бұл бағдаршамның ерекшелігі сол, қай көшенің қилысында тұрғаныңызды және жүруге неше уақыт қалғанын есіңізге салып, айтып береді. Сала мамандарының мәлімдеуінше, ОҚО бойынша мүмкіндігі шектеулі 109 мыңнан астам азамат бар. Оның жартысына жуығы – зағип жандар. Мынадай бағдаршамдар сол жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қарастыруға бағытталған бірден бір қондырғы.

Осындай бағдаршамдарды алдағы уақытта қаламыздың өзге де көшелеріне орнату жоспарланған. Шымкент қаласы бойынша бүгінде 167 бағдаршам, 7 мыңнан астам жол белгісі бар. Енді дыбысты бағдаршамның жұмыс жасау жүйесін жүйелеу керек.

Осылайша дыбысты бағдаршамдар өзге тұрғындарға кесірін тигізіп, мазаламайтындай етіп жүйеленбек. Ал дыбысты бағдаршамдар орнатылған жолдардың қилысында келеңсіз жағдайлар кемиді. Оған сала мамандарының да, тұрғындардың да сенімі бар.

Нұрлан Жаңабай