//
Оқыс оқиға 

Шымкентте екі жасөспірім көлік ұрлаған

Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 173 көлік ұрлау фактісі тіркеліп, оның 64,9 %-ы ашылыпты

Шымкенттің полицейлері көлік ұрлығын ізін суытпай ашты. Еңбекші полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызданып, үйінің алдында тұрған “ВАЗ” маркалы көлігін түнде белгісіз біреулер айдап кеткенін айтып көрсеткен.

Жедел іздестіру барысында жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен күдікті көлікті байқап қалады. Оны 17 және 15 жасар жеткіншектер айдап бара жатыр екен.

Полицейлер дереу көлікті тоқтатқан кезде жасөспірімдер қашып кетпек болғанымен, қолға түсті. Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 200-бабымен іс қозғалды. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz