Шымкентте Иран тауарларының көрмесі өтіп жатыр

895
Көрме орталығы туристік жәрмеңкеге есігін айқара ашты

Шымкентте Иран тауарларының көрмесі өтіп жатыр. Іс-шара көрме орталығында ұйымдастырылуда.

Көрме орталығы туристік жәрмеңкеге есігін айқара ашты

Делегацияны Иран елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мотжтаба Дамирчил бастап келді. 97-ге жуық ирандық кәсіпкер 3 күн аясында өз өнімдерін күнгейліктерге ұсынумен қатар Оңтүстік өңірдің түрлі кәсіпорындарының жұмысымен танысады және “Оңтүстік” индустриялды аймағының мүмкіндіктерін көреді.

Айта өтетін статистика, 2015 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 700 млн долларға жеткен. Қазақстаннан Иранға экпортталған тауарлардың басым бөлігі мұнай және ұн мен жарма, өнеркәсіп өнімдері, түрлі-түсті металл. Сондай-ақ, екі ел стратегиялық транзиттік серіктестер болып табылады.

Көрме аясында өңіріміздің кәсіпкерлері мен Иран Ислам Республикасы делегациясы өкілдерінің арасында бетпе-бет кездесур өтледі.

ОҚО әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлік, индустриялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін көрме 6 қазанға дейін жалғасады.