Шымкентте Koton дүкені өртке оранды

Шымкентте Kotton дүкеніне өрт шықты. Сауда орталығы Тәуке хан даңғылы бойындағы көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Қою түтін бір сәтте жайылып, айналаны көру мүмкін болмай қалды.

Шымкентте Kotton дүкені өртке оранды

Оқиға орнына дабыл бойынша көтерілген өрт сөндірушілер жетті. Биік үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Шымкентте Kotton дүкені өртке оранды

Тұрғындар өрт шығуының бір себебі хасбетті қаптаған материалда болуы мүмкін деп наразылықтарын білдіріп отыр. Олар тез жанатын материалдың қауіптіліг жайлы шенеуніктерді ескерттік те деп отыр.

Шымкентте Kotton дүкені өртке оранды

Өрт сөндірушілердің сөзіне қарағанда тілсіз жау 248 шаршы метрді шарпыған. 2 пәтер жартылай жанып, әжептеуір шығын келіпті. Үйде болған тұрмыстық техника мен жиһазды да өрт шалған.

Шымкентте Kotton дүкені өртке оранды

Бұл үй — жаңарту бағдарламасы бойынша жөнделген Шымкенттегі бірінші нысан. Оның хасбетін қаптаған материалдар өртке қаншалықты төзімді екені белгісіз. Оның үстіне, көп қабатты үйдің бірінші қабатына түгел коммерциялық нысандар жайласқан.

Өртті сөндіруге 170-тей адам жұмылдырылған. 19 арнайы техника мен 3 бірдей су тасығыш көлік пайдаланылды. Құтқарушылар бас-аяғы бір сағаттың ішінде тілсіз жаудың бетін қайтарды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Тиісті тексеру шараларынан кейін жауаптылар өрттің салдарын анықтаймыз деп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР