//
Шымкентте мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетуде Жаңалықтар 

Шымкентте мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы толық жұмыс істеуде

Шымкентте мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қыза түскен. Пилоттық жоба биыл тамыз айында қолға алынған еді. Енді өңір тұрғындары әр мекеменің табалдырығын тоздырмай, осында көлікті рәсімдеп, оған қоса жүргізуші куәлігін де ала алады. Түрлі анықтамалардан бастап наркологиялық диспансерден емтихан тапсыруға дейінгі барлық шаралар осы мамандандырылған орталықта жасалады.

Шымкентте мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетуде

Достық шағынауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсете бастағанына екі ай болған. Осы қысқа мерзімде бюджетке қомақты қаржы түсіпті. Мұнда сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа тосқауыл қою мақсатында қызмет түрлері заң шеңберінде көрсетіледі. Көлік жүргізушісі Үмбетбай Қадырқұлов мамандандырылған орталықтың жұмысына риза, қызметкерлер оның көлік куәлігін бір сәтте рәсімдеді.

Көлікті рәсімдеуден бөлек мұнда көлік куәлігін де алуға болады. Және көлікті басқаруды үйде үйренгендердің де құжатты осында алуына мүмкіндік жасалған. Емтиханды тапсырған бойда көлікті айдаудың қыр-сырын осындағы арнайы макет арқылы, сосын мамандандырылған орталықтың аумағында орналасқан автодромда тәжірибе жинақтайды. Көлік жүргізушілері енді наркологиялық диспансерді іздеп сабылмайды, мамандар осы жерде қабылдап тиісті анықтаманы береді.

Жомарт Нұржанов, Шымкент қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы: “Орталықтың ішінде медициналық анықтама алуға, емтихан тапсыруға, көлік салығы және айыппұл төлеуге болады. Мұнда 26 оператор қызмет көрсетеді.”

Орталықтың басшысы ғимараттың Шымкент үшін тарлық ететінін жасырмады. Алайда осыған қарамастан бірінші-екінші қабаттағы бөлмелерді тиімді пайдаланып, келушілердің ыңғайына жабдықтаған. Ал шағымдарға келер болсақ, қызметтің сапасына қатысты арызыңыз болса осында көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz