Шымкентте тағы бір «Фиркан» дүкені ашылды*

Шымкентте тағы бір «Фиркан» дүкені пайда болды. Облыс орталығындағы «Мега Планет» сауда — ойын-сауық орталығынан ашылған жаңа дүкенде азық-түліктің сан түрі бар. Сондай-ақ, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек жабдықтары мен тұрмыстық қажеттіліктерді де таңдап жүріп аласыз.

Шымкентте тағы бір "Фиркан" дүкені ашылды

Дүкеннің ашылуына мол адам жиналды. Көпшілік кең әрі заманауи талапқа сай жабдықталған сауда қатарларын аралап, керек-жарақтарын түгелдеуде. 30 мыңға жуық тауар қойылған дүкеннен азық-түліктің кез келген түрін табасыз. Көкөніс, жеміс-жидек те самсап тұр. Ет сүт өнімдерінің түр-түрі де осында. 1600 шаршы метрді алып жатқан нысанда жуғыш заттар мен ыдыс-аяқ, тұрмыстық қажеттіліктерге де арнайы орындар бөлініпті.

Арзу Әлиева дүкенге немересімен бірге келді. Жұмыртқа, ет, сүт және кішкентайларға тәттілер сатып алған ол бағалардың қолжетімді екенін айтады. Кей жуғыш заттардың құны базардағыдан да арзан, кең әрі мұнтаздай таза дүкенде сауда жасау ыңғайлы әрі өте тиімді дейді ол.

Дүкеннің ашылу салтанаты аясында сатып алушылар арасында ұтыс ойыны да ұйымдастырылды. Басты сыйлық — тұрмыстық техника мен төсек жабдығы. Ойынға қатысқан Айгерім Әмірәлиева 5 мың теңгеге сауда жасап, сыйлық ұтып алды.

Жаңадан есігін айқара ашқан дүкенде тарту-таралғылар да жеңілдіктер де жеткілікті. Дүкендегі кей тауарлар 50 пайызға дейін арзандатылып сатылуда. Ендеше, сіз де құр қалмаңыз. «Мега Планет» ойын-сауық орталығынан ашылған «Фиркан» дүкеніне келіп, тиімді сауда жасаңыз.

*-жарнама

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР