//
Шымкентте терактіге қатысты сот басталды Оқыс оқиға 

Шымкентте терактіге қатысты сот басталды

Шымкентте терактіге қатысты сот басталдыШымкентте теракт жасауды жоспарлаған қарағандылық үш жігітке қатысты сот отырысы басталды. Тергеу органдарының мәліметіне қарағанда, олар ел аумағында тыйым салынған экстремистік ұйымдардың бірімен байланыста болған. Теракт жасау тапсырмасы осынау ұйым тарапынан берілген екен. Қолдаушылар оларға ауқымды операцияны іске асыру үшін алдымен шымкенттік бизнесменді тонауға кеңес береді.

Айыпталушылар бұл жоспардың қалай орындалатыны жөнінде есеп беріп отыру үшін видеоқондырғы мен шұғыл шығындарға деп 1000 долларды қалтаға басып, жолға шығады. Алайда, арамзалардың бұл ойы іске аспай, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері маусым айында күдіктілерді қолға түсірді.

Қауіпті іске кіріскен үшеудің бірі жоспарды үйлестіріп отыру үшін Қарағандыда қалады. Кәсіпкерді тонауға кіріскендер бизнесменнің өзін ғана емес, балаларын да, тіпті, немерелерін аңдып отырады. Олардың біреуі қазір терроризмге үгіттеу шараларын жүргізгенін мойындап отыр. Үшеуі де бұрын сотты болған. Абырой болып, аман қалған бизнесмен белгілі себептерге байланысты бүгін алғашқы отырысқа келе алмады. Сот процесі жалғасады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz