Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы — фронт-офис ашылды. Тұрар Рысқұлов көшесі, №8А үйде орналасқан бұл кеңсенің бүгінде ТМД-да баламасы жоқ деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің барлық түрі бір жерде «бір терезе» жүйесі арқылы ұсынылады. Ерекше жобаның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Жауапты мамандар мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі бизнес жүйесінің өкілдеріне сенім береді деп сендіреді. Фронт-офис жүйесінде өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды беріліп, тіркеуге алынған құжат штрих-код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі.

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң жауабы фронт-офиске жіберіліп, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекенжайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет ала алады.

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Қала тұрғындары бұл жобаға «shymkent.gov.kz/frontoffice» сайты арқылы кіре алады немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалуға болады. Бұл бір сөзбен, ыңғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Айта кету керек, бұл кеңседе 25-26 маман еңбек етіп, 400-ден аса қызмет түрін көрсететін болады деп жоспарланып отыр. Барлық өтініш, сұрақтарға Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде жауап берілетін болады.

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР