Шымкентте жалған жолмен мемлекеттік сынақ тапсырған 19 азамат сотталуда

Өзге адамдар үшін жалған құжатпен сынақ тапсырған. Осындай айып бойынша бүгін 19 азамат Шымкенттік соттың алдында жауап берді. Олар мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіргендер үшін заңсыз жолмен емтихан тапсырған. Тіпті бұл істері бойынша жауапқа тартылушылар Қазақстан аумағында арнайы тапсырыс та алып отырыпты.

sud-test

Айыпталушылар — 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар. Қазір алтауы қамауға алынған болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы кепілмен босатылған. Жауапқа тартылушылардың заңсыздығы өткен жылдың қазан айында әшкерленген. Қазір Әл Фараби аудандық сотында айыпталушылардың үстінен 100 томдық қылмысты іс қозғалған. Егер кінәлары деледенсе, олар үш бап бойынша заң алдында жауап бермек.

Еркін Оспанов, Әл Фараби аудандық сотының судьясы: «Айыпталушыларға Қазақстан Республикасы қылмысты кодексінің 262, 383 және 385-баптары бойынша айып тағылуда. Ұйымдасқан топ құру, оларға басшылық ету, жалған құжат жасау сынды кіналар бойынша 19 азамат жауапқа тартылуда .Іс енді басталды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР