Шымкентте жалған жолмен мемлекеттік сынақ тапсырған 19 азамат сотталуда

355

Өзге адамдар үшін жалған құжатпен сынақ тапсырған. Осындай айып бойынша бүгін 19 азамат Шымкенттік соттың алдында жауап берді. Олар мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіргендер үшін заңсыз жолмен емтихан тапсырған. Тіпті бұл істері бойынша жауапқа тартылушылар Қазақстан аумағында арнайы тапсырыс та алып отырыпты.

sud-test

Айыпталушылар – 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар. Қазір алтауы қамауға алынған болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы кепілмен босатылған. Жауапқа тартылушылардың заңсыздығы өткен жылдың қазан айында әшкерленген. Қазір Әл Фараби аудандық сотында айыпталушылардың үстінен 100 томдық қылмысты іс қозғалған. Егер кінәлары деледенсе, олар үш бап бойынша заң алдында жауап бермек.

Еркін Оспанов, Әл Фараби аудандық сотының судьясы: «Айыпталушыларға Қазақстан Республикасы қылмысты кодексінің 262, 383 және 385-баптары бойынша айып тағылуда. Ұйымдасқан топ құру, оларға басшылық ету, жалған құжат жасау сынды кіналар бойынша 19 азамат жауапқа тартылуда .Іс енді басталды.