//
Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін Жаңалықтар 

Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін

Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін. Қаладағы жылу жүйелерін маусымға мерзімінде толық дайындай алмаған “Қуатжылуорталық-3” мекемесінің басшылығы жылудың тарифін көтеруге ұсыныс берді. Оқушылар сарайында өткен қоғамдық қабылдауға облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы, 3-энергорталықтың, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері мен үй төрағалары, қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысты.

Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін

Шымкенттегі жылу тарату жүйелері былтыр коммуналдық меншікке өтіп, қалалықтарды жылумен қамту “Қуат жылу орталық-3” мекемесіне жүктелген болатын. Бір жылда атқарылған жұмыстар жетерлік дейді мекеменің жауапты маманы. Оны жақсарту үшін бірінші кезекте тарифті көтеру қажет дейді мекеме басшылығы. Сонда ғана жұмыстарды өз деңгейінде жүргізе алады екен.

Жылу берушілер алдағы қаңтардан бастап тұтынылатын жылудың тарифін бір текше метрге 139 теңге 63 тиыннан бекітуді сұранып отыр. Ал қоғамдық тыңдауда сөз алғандар бұл баға қисынға келмейді дейді. Тұрғындар бұған дейін жылу үшін бір текше метрге 109 теңге төлеп келді. Оны бірден 30 теңгеге арттыру көптің қалтасын қағады. Қазірдің өзінде қиналып отырғандар көп десті жиынға қатысушылар.

Бір қызығы, қоғамдық тыңдауға қатысқан үй төрағалары мен төрайымдарының және аудан әкімдіктерінің коммуналды салаға жауаптыларының бірде-бірі ұсыныс айтпай, тұтынушылардың құқығын қорғауға келгенде үнсіз қалды. Ауыз су мен табиғи газ тарифтері бекітіліп қойғанда тұрақты комиссиялардың отырыстарында мәселені белсенді көтерген халық қалауылары да бұл жолғы қоғамдық тыңдауларға келген жоқ.

Мұндай қоғамдық тыңдаулар тек есеп үшін, барлығы алдын ала шешілген мәселе деп есептейтіндер де табылды. Алайда тұрғындар осындай қоғамдық тыңдауларға қатысып, жылудың сапасы, маусымға дайындық барысында қалыптасқан шынайы жағдайды ашық айтса, жағдай басқаша болар ма еді?! Тариф мәселесін жүйелеу, мүмкін, сонда іске асар ма еді?! Бұл сауалдар әзірге жауапсыз…

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz