Шымкенттегі дельфинарийге қатысты жаңа мәліметтер

Шымкенттегі дельфинарийдің жануарлары зардап шеккен жоқ. Дельфинарий иелері осылай деп отыр. Олар кешелі бері әлеуметтік желіде пайда болған суретке қатысты түсінік берді.

Шымкенттегі дельфинарийге қатысты жаңа мәліметтер

«Дельфин-шоудың» директоры Артур Беляков металл құрылымның төбесі опырылып түскені жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды дейді. Ол жануарлар осыдан біраз уақыт бұрын арнайы көлікпен басқа қалаға әкетілді дейді. Ал металл құрылымды бұзуды және жануарларды алып кетуді жеңілдету үшін төбедегі ауаны шығардық деп отыр.

Еске салайық, Шымкентке гастрольмен келген мәскеулік дельфинарий жоспарлаған турын ерте аяқтауға мәжбүр. Дельфинарийдің әкімшілігі уақытынан бұрын шоу бағдарламаларын аяқтап, қайтуға шешім қабылдапты. Себебі, бағдарлама пайда әкелмепті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР