Шымкенттегі Сайрам көшесі жабылады

709
Арық-атыз

Арық-атызарықШымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Сайрам көшесінің бір бөлігі жабылады. Бұл туралы қала әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары хабарлайды.

«Арық-атызды қайта қалпына келтіруге байланысты Шымкенттегі Сайрам көшесінің Тәуке хан даңғылы мен Безделев көшесі аралығындағы бөлігі 21 қазан таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жабылады» делінген хабарламада. Қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлаңыздар.