//
автобус Жаңалықтар 

Шымкенттің автобустары қысқы жұмыс тәртібіне ауысты

Оңтүстікке биыл қыс ерте келеді. Болжаушылардың бұл хабарламасына байланысты Шымкенттегі жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер қысқы маусымға өтуге дайындалуда. Бұл орайда арнайы тапсырма берілген. Екі күннен бері қалалық жолаушылар көлігі және АЖ бөлімінің мамандары таңғы және кешкі мезгілде автобустардың уақтылы қатынауын тексеруде.

автобус

№4 бағытағы автобустардың кесте бойынша арақашықтығы 8 минут деп беліленген. Алайда біз кезіктірген көліктер аялдамаға әр 10-11 минут сайын келіп жатты. Жүргізушілер кестедегі уақыттан аз ғана ауытқуларын қала көшелеріндегі бағдаршамдардың өшіп тұрғанымен түсіндірді.

Сала мамандарының айтуынша, биыл шаһарда жолаушы тасымалдауда айтарлықтай проблема туындамауы тиіс. Бүгінгі таңда автобустардың басым бөлігі газбен жүреді. Жылдағыдай солярка қатып қалды деген әңгіме болмайды деп сендіреді. Тағы бір жаңалық, барлық көлік компанияларына берілген тапсырма бар. Ол – кешкі мезгілде мектеп оқушыларына көбірек көңіл бөлу. Аязды күнде жас балалар аялдамада автобусқа міне алмай, қалып кетпеуі тиіс.

Күн сайын қала көшелеріне мыңнан астам үлкенді-кішілі автобустар жолаушыларға қызмет көрсетуге шығады. Міне, осы көліктердің жыл сайын 20 пайызы жаңартылуы тиіс. Өткен жылы қалаға су жаңа 200-ден астам автобус әкелінсе, биыл ол жоспар орындалмаған.

Енді көлік бөлімі келісім шартта көрсетілген талапты орындамаған көлік компанияларыны ескерту хат жолдамақ.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz