//
Тұрақтандыру қорының азық-түлігі 1 қарашадан сатыла бастайды Жаңалықтар 

Тұрақтандыру қорының азық-түлігі 1 қарашадан сатыла бастайды

Оңтүстіктегі тұрақтандыру қорының азық-түлігі қараша айынан бастап сатыла бастайды. Мақсат жылдағыдай – әлеуметтік тауардың бағасын шарықтатпау. Мұнда ұн, қант, күнбағыс майы, картоп, пияз бен сәбіздің баға нарықтағыдан біршама төмен болады.

Тұрақтандыру қорының азық-түлігі 1 қарашадан сатыла бастайды

Облыс тұрғындары, әсіресе, шымкенттіктер тұрақтандыру қорынан сатылатын азық-түлікке әбден үйренген десек қателеспеспіз. Өйткені мұндағы баға көп балалы және аз қамтылған отбасыларына қолдау болса, екінші жағынан базардағы бағаның қымбаттамауына әсерін тигізеді. Ал арнайы көліктерге азық-түлік жеткізу – “Шымкент” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жүктелген.

Қоймаларда өткен маусымнан қалған тауар бар дейді мамандар. Ол – құмшекер, 50 тоннадай макарон өнімдері. Облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қорының қоймалары керек тауармен өңірдегі ірі компания және шаруашылықтармен түзілген келісім-шарт негізінде толығады.

Келесі айдан бастап азық-түлік жылдағыдай апта сайын өтетін жәрмеңкелерде сатылатын болады. Тұрақтандыру қоры бекіткен бағаларға әзірге мынадай: картоп – 65 теңге, құмшекер – 220 теңге, күнбағыс майының бір литрі – 350 теңге. Жәрмеңкелер сенбі күндері Шымкентте Қажымұқан стадионы жанында және жексенбі күндері Арғынбеков көшесінің бойындағы “Рахима Плаза” сауда орталығының аумағында өтеді. Айта кететін жайт, әлеуметтік бағадағы азық-түлік аудандарда да ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде сатылады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz