Түлкібаста апорт алмасы өсіп жатыр

692
Түлкібаста апорт алмасы өсіп жатыр

Таулы аймақ Түлкібаста алманың апорт сұрпын өсіріп жүрген шаруашылық саны артып келеді. Бүгінгі таңда аудан көлемінде апорт алмасын өсіретін алқаптардың көлемі 200 гектарға жетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Түлкібаста апорт алмасы өсіп жатыр

Апорт алмасын өсіруді аудандағы «Көктал», «Арша» шаруашылықтары қолға алып, жыл сайын жаңа бау егуде. Сатылымда сұранысқа ие апорт алмасын егуге басқа да шаруашылықтар қызығушылық танытып отыр. Қазір аудандағы ірілі-ұсақты 20-ға жуық шаруашылық соы алманы баптаумен айналысуда. Бағбандар әзірге өнім ала қойған жоқ. Өйткені, жемістің бұл сұрпы өнімді 7-8 жылдан соң береді. Ал түлкібастық апорттардың өсіріліп жатқанына 3 жылдан енді асты.

Айта кетейік, жемісі ірі келетін апорттың біреуінің салмағы 500-600 грамға дейін жетеді. Түсі алқызыл болып келетін бұл сұрып қыркүйек айында піседі, қаңтар-ақпан айларына дейін сақтауға болады.

Еске салайық, Түлкібас ауданының аты кезінде апорт алма өсірумен шыққаны белгілі. Жемістің бұл түрі теңіз деңгейінен 900 метрден жоғары жерде ғана өседі. Ал Түлкібас ауданы – биік аймақта орналасқан өңір.