//
Уланған мектеп оқушылары үйлеріне қайтарылуда Оқыс оқиға 

Уланған мектеп оқушылары үйлеріне қайтарылуда

Шымкентте мектеп оқушылары жаппай уланып қалғаны туралы бұған дейін хабарланған. Бүгінде олардың көбі емделіп, үйіне қайтарылды. Ал ойнаймын деп от басқан оқушы кінәсін мойындап отыр.

Оқиға №55 мектепте болған. 10 сынып оқушысы көшеден тапқан газ балонын сыныбына алып келеді. Ойнап жүріп сол ойыннан от шықты. Әжетханаға сепкен улы газдан ондаған оқушы уланып қалады. Ауруханаға кеш батқанға дейін көмек сұрап жүгінгендер қатары арта береді. 41 адам дәрігер көмегіне жүгініпті. Оның 8-і мектеп қызметкері, қалғаны оқушылар.

Уланған мектеп оқушылары үйлеріне қайтарылуда

Науқастар жүрегі айнып шағымданса, кейбірі кенеттен іші ауырғанын айтты. Көбісі алғашқы көмектен соң үйлеріне қайтарылды. Барлығына өткір улану диагнозы қойылды. Жаппай улануға 10 сынып оқушысының мектеп ішіндегі дәретханаға белгісіз газды шашуы себеп болған секілді.

Мектеп директорының айтуынша, сол күні дәлізге тараған жағымсыз иістен басы ауырған оқушылар өздерін жайсыз сезінген. Мұғалімдер балаларды сыртқа шығарып, бір сағатқа жуық сабақты тоқтатуға тура келіпті. Қазір бұл іспен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Балалардың аяқ астынан көзі жасаурап, тамағы ашыған бұл жағдай бойынша қылмысты іс қозғалған. Адам ағзасына зиянды газды мектепке алып келген 10 сынып оқушысы кінәсін мойындапты. Ауруханада ем қабылдағаннан кейін денсаулығы жақсарған науқастар үйлеріне қайтарылып жатыр.

Ернар Балабеков

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz