//
Саяжай тұрғындарын шулатқан азамат сотталды Жаңалықтар 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысына сот үкімі оқылды

Бүгін Әл Фараби аудандық сотында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Жамбыл Байғоновқа үкімі оқылды. Шенеунік қылмысты кодекстің 177-бабының 3-тармағымен, яғни, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын.

Саяжай тұрғындарын шулатқан азамат сотталдыБөлім басшысының үстінен ауылдық амбулаториялық аурухана құрылысының тендерін жеңіп алған құрылыс компанияларының бірі жазған еді. Мердігердің сендіруінше, сол уақытта (2010 жылы) ОҚО әкімдігі аппаратының шаруашылық басқармасының жетекшісі лауазымында жүрген Байғоновтың талабымен құрылысқа алған материалдарының 40 пайызына дейін жоғарғы лауазымды шенеуніктердің жекеменшік үйлерін салуға жіберіп отырыпты. Соның салдарынан фирма 30 миллион теңге зиян шекті дейді мердігер.

Осы арызға қатысты тергеу жүріп, сот айыпталушыны жалпы тәртіптегі түрмеде 5 жыл бас бастандығынан айыруға және 20 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz