«Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпаздары анықталды

«Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпаздары белгілі болды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Қазкоммерцбанктің «Кұс жолы» қайырымдылық қорының бастамасы нәтижесіз емес. Алғашқы үш ісмер 300 мың теңге грант ұтты. Осы ақшаға жеңімпаздардың өз кәсібін дөңгелетуі үшін қажетті жабдықтар сатып алынған. Тиімді жобалар ретінде құс өсіру, тігін цехы мен құрылыс материалдарын дайындау ісі таңдалды. Қаржылай қолдауға ие болғандар енді жұмысқа білек сыбана кірісеміз деп отыр.

"Жұлдыздарға қара" жобасының жеңімпаздары анықталды

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін қолдауды мақсат еткен бұл шара еліміздің барлық өңірлерінде қолға алынған. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қорының мамандары жоба бойынша түскен барлық 15 өтінішті қарап, ең тиімді деген үшеуін үздік деп тауыпты. Олардың әрқайсысы 300 мың теңгелік грантқа ие болды. Таласбаевтар отбасына инкубатор фермасы қажет болатын. Бөлінген ақшаға қажетті жабдықты алып берген азаматтарға алғысын жаудырды.

Екінші грант иесі Әбдуалим Құлахмедовтың кәсіпкерлікпен айналысқанына 3 жыл болыпты. Байқауға алғаш рет қатысқан мүмкіндігі шектеулі азаматқа «Даму» қорының қызметкерлері бизнес-жоспарын құруға көмектескен. Өзінің қайсарлығы, өмірге деген құштарлығының нәтижесінде ол жеңімпаз атанды. Енді құрылыс бұйымдары мен кәдесыйлықты кедергісіз жасайтын болдым деп қуанады. Онда енді кәсіпке қажетті барлық құрылғылар бар.

Лолита Садвақасова да сүйікті ісімен айналысатын болды. Тігін цехына қажетті техникаға қол жеткізген шебер балаларға киім тігіп, жергілікті сауда орындарында сатпақ. Ең бастысы, кәсіпкер өзгелерді де жұмыспен қамти алатын болды.

Ұйымдастырушылар кәсібін ашамын деген азаматтарды шақырады. Жұмыс істеймін деген жанға жағдай жасауға дайынбыз дейді. Құлшынысы барларға бағдар беріп, бастапқыда бизнес жоспарларын да жасауға көмек беріледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР