//
Жанат Тәжиева қала мектептерінен инспекторды алып тастауды ұсынды Жаңалықтар 

Жанат Тәжиева мектеп инспекторының жұмысын қайта қарауды ұсынды

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен облыстық және қалалық прокуратура, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қатысқан жиын өтті. Бұл жиында “Шымкент – қауіпсіз қала” атты жол картасы аясында бекітілген акция жиынында білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева баяндама жасады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жанат Тәжиева қала мектептерінен инспекторды алып тастауды ұсынды

– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 95 пайыздан астамы мектептен тыс жерлерде жасалып отыр. Сол себепті білім ұяларындағы инспектордың жұмысын қайта қарауды ұсынамын, – деді қаланың бас ұстазы. – Біз қылмыстың алдын алу жұмыстарын әуелі отбасы тәрбиесінен бастағанымыз абзал. Бұл ретте мектеп басшылығы тәртібі нашар, қылмысқа бейім жасөспірімдермен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.”

Жанат Тәжиева қала мектептерінен инспекторды алып тастауды ұсынды

Алқалы жиында шаһардағы қылмыстың деңгейін 30 пайызға төмендету туралы сөз болды. Айта кетерлігі, аталған акция аясында алдағы уақытта құқық қорғау саласының қызметкерлері тарапынан 20-дан астам рейд өткізу жоспарланған. Кездесу барысында сарапшылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселенің мән-жайына үңілген сала мамандары қылмыстардың көбеюіне жұмыссыздық факторының әсері бар екендігін тілге тиек етті.

Жанат Тәжиева қала мектептерінен инспекторды алып тастауды ұсынды

Сонымен қатар түрлі деңгейдегі қылмыстардың кешкі уақытта көп болатынын айтқан мамандар қала аумағындағы түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүйелеуді, қылмыс жиі орын алатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнатып, жүйелі рейд өткізу керегін айтты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz