Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі өнеркәсіп орындарын аралау жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы ең алдымен «Gold» маркалы алюмин профильдерін шығаратын «Gold Aluminum» компаниясында болып, зауыттан шығарылып жатқан өнімдерді аралап көрді. Жылдық қуаты 6 мың тоннаға дейін жететін зауытта өндірілетін өнімдердің 20 пайызы Ресей мен Қырғызстанға экспортталады. 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорында шығарылатын өнімдер нарықта ең төмен бағамен ұсынылады.

Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Мұнан соң облыс әкімі Ордабасы ауданы, Бадам елдімекеніндегі аумағы 200 гектардан асатын «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағына барып, ондағы іске асырылып жатқан жобалардың жұмысымен танысты. Болашақта мұнда тракторлар мен эксковаторлар, құрылысқа қажетті заттар мен лифт, бау-бақшаға арналған арбалар, доңғалақтар, сонымен бірге, кеңсе және үй жиһаздарын шығаратын 17 жоба бойынша өнеркәсіп орындары жұмысын бастамақ. Айта кететін жайт, мұнда бюджеттік 1 теңгеге 26,2 теңге жеке инвестиция тартылған.

Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Осындай өнеркәсіп орындарының бірі – ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар шығаратын «Kaz Kioti» зауыты. Бір жылда 1600 дана техника шығаруға қауқарлы серіктестікте 300 адам жұмыс істейді. Өткен жылы жұмысын бастаған зауытта бүгінге дейін 167 трактор жасап шығарылып, облыстағы шаруашылықтармен қатар көрші Таразға саудаланған. Болашақта мұндағы техникалар Ресейге де экспортталуы мүмкін.

Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Индустриалды аймақтағы тыныс-тіршілікке қанық болған аймақ басшысы ондағы кәсіпорындардың кестеге сәйкес мерзімінде тапсырылуы қажеттігін ескертіп, инфрақұрылым жайын ретке келтіруді міндеттеді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының орталығында орналасқан кәсіпорындарды шаһар маңына көшіріп, сауда айналымын жақсарту мақсатында аймақ аралық əріптестікті нығайту керегін айтты. Осы мәселе жөнінде үкіметке «Шымкент» сауда-көрме орталығын құру идеясын ұсынғанын жеткізді.

Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Өнеркәсіп орындарымен танысу кезінде Жансейіт Қансейітұлы «Бөрте Милка» сүт тауарлы фермасында болды. Жыл басында ашылған шаруашылықта асыл тұқымды сүтті бағыттағы «Гольштейн» тұқымынан қазіргі таңда 272 сауын сиыр бар. Күніне 30 литрге дейін сүт беретін фермада жылына 6-7 мың литр ағарған алу көзделуде. Ол үшін таяуда тағы да 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда. Сүт тауарлы ферманың барлық жабдықтары швейцариялық құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Сапар барысында облыс әкімі аумағы 112 га болатын сауда-логистикалық орталығында болды. Бұл орталықта шаршы метрі 242,5 мың құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық автодәлізіне қосатын жол, теміржол тұйығы, қуаттылығы 10 МВт болатын электр стансасы, орталықтандырылған газ және су құбырлары жүргізілген.

Жансейіт Түймебаев Шымкентте жаңа сауда-көрме орталығын құруды ұсынды

Заманауи кешендегі құрылыспен танысқан аймақ басшысы сауда-логистикалық орталығы ауыл шаруашылығына бейімделген Оңтүстік өңірінің экономикасына оң ыпқалын тигізіп, облыс өнімін дүниежүзілік нарыққа шығаруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар тиісті мекеме басшыларына аталған орталықтың аумағын ұлғайтуды жүктеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР