Жансейіт Түймебаев: «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы есте қаларлықтай тойлануы қажет»

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің қатысумен селекторлық мәжіліс өтті. Жиында тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымының барысы туралы мәселелер қаралды.

ОҚО әкімі: "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы есте қаларлықтай тойлануы қажет"

Тәуелсіздік еліміздің үлкен жетістігі екенін айтқан облыс әкімі мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгүштікке тәрбиелейтін ерекше мерекеге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Яғни, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер жайы баяндалатын шаралар ұйымдастырылуы тиіс.

Жиынды қорытындылаған Жансейіт Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды тапсырды және көтерілген әр мәселе бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР