Жансейіт Түймебаев «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздарын марапаттады

400
Жансейіт Түймебаев «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Оңтүстік Қазақстанда Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалінде «Менің Қазақстаным» халықаралық ән байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, сый-сияпат жасады.

Жансейіт Түймебаев «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Шәмші Қалдаяқов атындағы VII «Менің Қазақстаным» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін қызылордалық Назым Сағынтай жеңіп алды. І орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды.

Жансейіт Түймебаев «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Ал жүлделі ІІІ орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды. Сондай-ақ, салтанатты шарада облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.

Жансейіт Түймебаев «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздарын марапаттады