Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп жүргендер марапатталды

336
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп жүргендер марапатталды

ОҚО әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен жастар мен өзінің әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді эскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Жиынға Қазақстан Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімінің командирі Жамбыл Құлбаев пен аталған саланың өзге де қызметкерлері қатысты.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп жүргендер марапатталды

Басқосуда Сабыржан Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады. Өңір басшысы жоғары құрмет үшін қонақтарға алғысын білдіріп, тәуелсіз елдің ең басты қажеттіліктерінің бірі оның қауіпсіздігі екенін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаның міндеті екенін жеткізді.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп жүргендер марапатталды

Кездесуде І дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісімен ОҚО әкімі аппаратының жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісі ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлегенге табысталды.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп жүргендер марапатталды