//
Жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салалары жемқорлыққа бейім Жаңалықтар 

Жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салалары жемқорлыққа бейім

Жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салалары жемқорлыққа бейім салалар деп танылады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен бирфингте айтылды.

Жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салалары жемқорлыққа бейім

Мекеме тарапынан жыл басынан бері 10 мемлекеттік органда ішінара тексерулер жүргізілген. Мамандар тексеру кезінде ақпараттардың қолжетімсіздігін анықтап, азаматтардан түскен арыздардың дер кезінде қаралмайтынына көз жеткізіпті. Департамент өкілдері осындай олқылыққа жол берген мекемелердің атын-атап, түсін түстеп берді.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін нұсқамалар берілді дейді мамандар. Айтуларынша, лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғаларға 7 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, бүгінде соның 2,5 млн теңгесі өндірілген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz