//
Жаңалықтар 

Қала әкімдігі: “Шымкентке жылу толық қосылды”

Жылу маусымы жақындап келеді

Бүгін Шымкент қаласындағы 1782 көп қабатты үй және 400-ге жуық бюджеттік мекеме жылуға толық қосылды. Бұл жайында бүгін қала басшылығы ресми түрде мәлімдеді.

Еске салар болсақ, биылғы жылыту маусымы 27 қазанда басталған. Дей тұрсақ та көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі желісіндегі ақауларына байланысты жылусыз отырған үйлер баршылық. Қазіргі таңда Абай ауданы бойынша соындай 28 үйге жылуды қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Сала мамандарының айтуынша, беріліп жатқан жылу сыртқы ауа температурасына байланысты. Егер түрлі себептермен үйлеріңізге жылу берілмеген жағдайда, “Қуат жылу орталығының” дистпечерлік бөліміне 44-82-37 және 50-30-50 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz