//
Қазақстанның оқушылары Дубайдан жүлделі оралды Компания жаңалығы 

Қазақстанның оқушылары Дубайдан жүлделі оралды

Қазақстанның жеткіншектері шетелден жүлделі оралды. Дубайда еліміздің намысын қорғаған “Юсимас” менталды арифметика мектебінің төрт оқушысы 50-ден астам елдің дарынды балаларының арасынан жоғары орындарды иеленді. Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық 21 ойша есеп шығару сайысы ұйымдастырылған болатын. Сонда Оңтүстіктің намысын қолдан бермеген жеңімпаздарды ата-аналары мен ұстаздары зор қошеметпен қарсы алды.

Қазақстанның оқушылары Дубайдан жүлделі оралды

Мәні зор бәсекеге биыл 57 елдің ең мықты деген балалары сынға түсті. Ал мыңдаған жасөспірімнің арасынан “Алиар” мектебінің төрт оқушысы жоғары орындарды жеңіп алды. Олар ойша есептеуде жылдамдық қабілетінің жоғары екенін көрсетті.

Қазақстанның оқушылары Дубайдан жүлделі оралды

Шәкірттерінің жетістіктеріне дән риза болған ұстаздары балалар мен олардың ата-аналарын алғыс хатпен марапаттады. Бәсекеде бірінші орынды Сафина Ерметова иеленсе, екінші орынды Глеб Макриден, ал үшінші болып Нұртөрежан Сейітжанов пен Фарида Сарыбекова жеңіске жетті.

Гүлнәр Үсенова, “Алиар-Uсmas” менталды арифметика мектебінің құрылтайшысы: “Бұл балалардың еткен еңбегі пен төккен тері жеңіске жетеледі. Мен біздің балалардың осындай үлкен халықаралық сайысқа қатысудың өзі жетістік деп білемін. Бұл оқушылар үшін де өте маңызды. Шәкірттеріміз басқа елдің балаларының санау әдістерін көргенінің өзі үлкен мотивация болды. Қайтарда жол бойына балаларымыз алдағы “Бали” аралында өтетін олимпиада да жеңіп қайтамыз деп уәдесін беріп келді. Әрине бұл мені де ата-аналарын да қуантады.”

 

Қазақстанның оқушылары Дубайдан жүлделі оралды

Ойша есептеуге негізделген бағдарламаның біздің елге келгеніне 5 жыл болды. Ұстаздардың айтуынша, мұндай орталықта оқыған балалардың зейіні артады, есте сақтау қабілеті жақсарып, өзіне деген сенімділік пайда болады. “Алиар” мектебі 1-ден 14 жасқа дейінгі балаларға ойша санау әдісін үйретеді. “Юсьмас” баланың интеллектуалдық қабілетін дамытады. Сондай-ақ дәлдік пен жылдамдықты арттырып, арифметикалық есептерді санаулы секундтарда ауызша есептеп шығаруға бейімделеді.

Жарнама негізінде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz