//
"Қазыналы Оңтүстік" кітабының 89 томын шығаруға қаржы бөлінбеді Жаңалықтар 

“Қазыналы Оңтүстік” кітабының 89 томын шығаруға қаржы бөлінбеді

Білім саласында мемлекеттік тапсырыстарды орындауға 1 млрд теңгеден астам қаржы жоспарланып отыр. Биыл Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласындағы 19 пилоттық мектепте жан басына шаққандағы қаржыландыру 1-9 сыныптарда енгізілген. Сондықтан, оған республикалық бюджет есебінен қосымша 970 млн теңге қарастырылып отыр. Облыстағы 68 шағын мектепке сандық білім беру инфроқұрылымын енгізу үшін мультимедиялық құралдармен жарақтандыруға 67,5 млн теңге жоспарлануда. Сондай-ақ, депутаттардың ұсынысымен елдімекендердегі бірқатар маңызды нысандар салынатын болды.

"Қазыналы Оңтүстік" кітабының 89 томын шығаруға қаржы бөлінбеді

Комиссия мүшелері мәдениет басқармасының Астанада өтетін меркелік шараларға қатысатын он өнерпаздың жұмыс сапарына 3 млн теңге бөлу ұсынысын қызу талқылады. “Оңтүстік-цирктің” өз қаржысы жоқ па? Неліктен бюджеттен бөлуіміз керек?” деген  ескерпелер де айтылды осы жиында.

Басқарма басшысы тікелей жауапты тағы бір мәселе кезекті рет әңгімеге арқау болды. Облысты сан саласымен танытатын кітаптарды шығару қажеттігін анықтайтын сарапшылар комиссиясының құрамын жасақтау бойынша бұдан бұрын тапсырма берілген болатын. Құрамына депутаттар, филологтар мен сала мамандары енгізілген тізім де жарияланды. Алайда, оның да құрамына қатысты пікірлер айтылды.

Дулат Әбіш, облыс мәслихатының депутаты: “Мен сараптама комиссиясының құрамына енгізілген азаматтарға қарсы емеспін. Бірақ бұл мәселені қоғамдық ұйымдарға берген дұрыс сияқты. Өйткені, Елбасы өзі қоғамды тарту қажет деп айтып жатыр. Сараптама комиссиясының құрамын жасақтауды қоғамдық келісімге тапсырайық, солар шешсін.”

Айта кету керек, “Қазыналы Оңтүстік” кітабының қалған 89 томын шығаруға қаражат бөлінбейтін болды. Осыған дейін 311 томын шығаруға ақша бөліп, 1/3 бөлігі қалғанда қаржы табылмағаны көп томдық туындының авторы үшін түсініксіз жәйт болғандай.

"Қазыналы Оңтүстік" кітабының 89 томын шығаруға қаржы бөлінбеді

Мекемтас Мырзахметов, ғалым, Абайтанушы: “Кітап жазу – оңай шаруа емес. Деректер мен мағлұматтарды жинақтау, аудару сияқты ұшаң-теңіз еңбек ол. Менде жеті адам істеді. Көп томдық кітаптың 89 томы қалды. Уақыт өткен соң оны жазуға миллиард берсе де жаза алмас. Бізде көшені асфальттауға қаржы табу оңай, рухани азық болатын дүниеге қаржы табылмағаны – ол қателік.”

Бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияда талқыланған бұл мәселелер енді облыс мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында қаралады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz