//
Қосалқы бөлшектің орнына автокөлік алып өтпек болған Оқыс оқиға 

Қосалқы бөлшектің орнына автокөлік алып өтпек болған

Қазақ-қырғыз шекарасында қосалқы бөлшектердің орнына автомобиль өткізбек болғандар ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қосалқы бөлшектің орнына автокөлік алып өтпек болған

«Мерке» бекетіне қарасты «Айша бибі авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы Қазақстаннан Қырғызстанға бара жатқан Белорусь азаматын ұстады. 52 жастағы азамат Ресей арқылы Литвадан келе жатыр екен.

Қосалқы бөлшектің орнына автокөлік алып өтпек болған

Қазақстан мен Қырғызстан арқылы Тәжікстан аспақ болған күдікті мінген тіркемелі «Ивеко» жүк көлігінде құжат бойынша автомобильдің 25 түрлі қосалқы бөлшегі салынғаны көрсетіліпті. Алайда, инспекциялық кешеннің көмегімен жүк көлігін тексерген шекарашылар жүк көлігінің ішінде қосалқы бөлшектер емес, екі бірдей көлік тұрғанын анықтады.

Қосалқы бөлшектің орнына автокөлік алып өтпек болған

Оның бірі Лэнд Круйзер Прадо болса, екіншісі BMW-X6 көлігі болып шықты. Қазір ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz