//
Қысқы техникалардың дайындығы қандай Жаңалықтар 

Қысқы техникалардың дайындығы қандай

Жергілікті билік өкілдері Шымкенттің қысқа дайындығын көрді. Жауапты мамандар қыста шаһардағы жолдар мен көпірлерді тазалайтын техникалардың дайындығымен танысты.

Қысқы техникалардың дайындығы қандай

Қылышын сүйретіп, қыс таяғанда қала шаруашылығына жауаптылар алдымен техниканы түгендеуге кірісті. Коммуналды көліктердің жарамдылығын байқап көрген жергілікті билік өкілдері жүргізушілердің дайындығын да сынап бақты. Алайда, қала тазалығына жауапты кей мекемеде осы жүргізушілердің саны аз болып шықты.

Биыл шаһар тазалығына 4 мекеме жауапты. Бұл жұмыстарға 90 техника, 1200-ден аса жұмысшы жұмылдырылып отыр. Инертті материалдар да жеткілікті дейді саладағылар. Қажетті құм мен тұз, жанар-жағармай дайын. Қала аумағының кеңеюіне байланысты биыл тиісті шаралар жылдағыдан да күшейтіліп отыр деп сендіреді төтенше жағдай қызметкерлері.

Алайда коммуналшылар кей елдімекендерді әлі де ескермей отыр. Дайындықты пысықтау кезінде жауаптылар осыны реттеуді тапсырды.

Бекітілген 4 мекеме қалада 18 бағыт бойынша жұмыс істейді. Өздері кестедегі 155 көшені уақтылы қардан тазартып, оқыс жағдайларды болдырмау үшін барын салатынына сендіріп отыр. Енді жауапты мекемелердің шын мәніндегі дайындығы қыс қаһарына мінгенде сыналатын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz