Қала мектептерінің ауласы қоршалуда

483
Қала мектептерінің ауласы қоршалуда

Шымкент қалалық білім бөлімі қала мектептерінің аулаларын қоршауды бастады. Бүгінде тиісті жұмыстар №9 және №30 мектеп маңында жүріп жатыр.

Қала мектептерінің ауласы қоршалуда

Қаланың орталығындағы №9 мектепті қоршауға 10 млн теңге бөлінген. Қалалық әкімдік, сондай-ақ, №30 мектептің ескі қоршауын ата-аналардың өтінішіне байланысты жаңалап беруге тапсырма беріпті. Ол жұмыстарды орындау үшін 20 млн теңге бөлінген.

Қала мектептерінің ауласы қоршалуда

Жалпы, Шымкент қаласындағы 127 білім мекемесінің жиырмасында қоршау шарбақтары жоқ. Осы мәселені жиі көтеретін қалалық мәслихаттың депутаттары қоршаудың балалардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін жиі айтып келеді. Сол себепті алдағы жылы бұл жұмыстар жалғасын табады дейді жауапты мамандар.

Нұрлан Жаңабай