Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде конгресс өтті

830
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде конгресс өтті

«ХХІ ғасырдағы педагогика және психология: теория, әдіснама және тәжірибе». Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресстің тақырыбы осындай болды.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде конгресс өтті

Конгресте Европа мен Азия елдерінің педагогика және психология саласындағы озық тәжірибелер келтіріліп, ғылыми тұрғыда ұсыныс, пікірлер талқыланды. Конгреске Ресей,Беларусь Және Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттерінен жетекші мамандар шақырылыпты. Жиын барысында педагогикалық білім берудің заманауи жағдайы, психология саласындағы мәселелер, ғылыми интеграция әдістері және психологияның әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар аясындағы даму деңгейі сөз болды.

Есенәлі Омарұлы, профессор, педагогика  ғылымдарының докторы: «Жоғары технологиялар заманында аса білікті мамандар қажет. Олардың ойлау қабілеті жоғары болып, өзі таңдаған мамандығының қыр-сырын жетік білу  шарт. Осы тұста біз психологиялық тұрғыда олардың іс-әрекеттері және көзқарастарының қалыптасуына ықпал жасауымыз қажет. Мамандар өз кезегінде дәріс бергенде озық тәжірибелерді қолдана білуі тиіс.»

Ауқымды саладағы өзге де маңызды тұстар ғылыми секциялардың отырысында талқыланды. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық білім берудің психологиялық, педагогикалық аспектілері, трендтер мен технологиялар, оларды қолданысқа енгізу бойынша пікірлер баршылық.

Ұлмекен Нұрғалиева, Абай атындағы ҚҰПУ кафедра меңгерушісі: «Заман талабына сай біз де жаңа мамандықтарды дайындаймыз. Медиация – сотқа дейінгі дауды шешу жолдары бойынша дәріс беріледі. Кәсіпорында және де ұжымдарда туындайтын мәселелерді сотқа дейін жеткізбей шешу бүгінде маңызды.»

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгреске қатысушылар педагогика және психология саласындағы озық тәжірибелермен танысып қана қоймай, біліктілікті жоғарылату курстары, шеберлік сыныптары,семинар тренингтерде белсенділік танытты.

Конгресс аясында ғылыми-техникалық көрме ұйымдастырылған болатын. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жарнама негізінде.